Үкімет үйінде сейсенбі күні 25 ақпанда сағат 09:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Күн тәртібінде:
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы;
Бизнес ахуалды жақсарту шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтың және «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Қынатовтың қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баспасөз конференциясы өтеді.