• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Ақпан, 2020

Кардиолог-дәрігерлер профессор Денис Андреевтің шеберлік дәрісіне қатысты

342 рет
көрсетілді

Еліміздің әр аймағындағы кардиолог-дәрігерлер Ресейдегі И.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің профессоры Денис Андреевтің шеберлік дәрісіне қатысу үшін Алматыға жиналды.

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бастамасымен және дискуссиялық клуб шеңберінде профессор Денис Андреевтің қатысуымен созылмалы жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек-қантамыры қайғылы жағдайларын азайту жөніндегі шеберлік класы өтті.

Шеберлік дәрісі кезінде «Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттердегі инсульт пен тамыр эмболиясы профилактикасының практикалық аспектілері», «Созылмалы жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүрек-қантамыр қаупін  қалай азайтуға болады» тақырыптары талқыланды.

Институттың жетекші ғылыми қызметкері, кардиология кафедрасының доценті Күлзида Қошымбаева атап өткендей, жүрек-қантамыр аурулары жылына шамамен 17 млн өлім-жітімге себебі болып отыр. Бұл барлық қайғылы жағдайдың шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Олардың ішінде жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлық аурулар жетекші орында. Олардың үлесіне ЖҚА болатын барлық өлімнің шамамен 85 пайызы тиесілі. Соңғы 15 жылда осы дерттер дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себепкеріне айналды.

Шеберлік класс шеңберінде практикалық денсаулық сақтау мамандары: Алматы қаласы мен оңтүстік аймақтардың медициналық ұйымдарының кардиологтары, терапевтері және жалпы практика дәрігерлері клиникалық зерттеулердің жаңа жетістіктері мен нәтижелері, жүрекше фибрилляция және мультифокальдық атеросклерозы бар пациенттерді емдеудің бағдарламалары туралы ақпарат алды.

Дискуссиялық клубқа қатысушылар ресейлік және қазақстандық жетекші ғалымдармен бірлесіп, жүрекше фибрилляциясы және артериялардың мультифокальдық атеросклеротикалық зақымдануы бар коморбидті пациенттерді емдеп, қарауды оңтайландырудағы күрделі клиникалық жағдайларды талдады.

Осы санаттағы науқастардың өмір сүру болжамын жақсартуға мүмкіндік беретін терапияның жаңа тәсілдері ұсынылды.

Тәжірибе алмасуға келген дәрігерлер пікірталаста өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алды.

Осындай шеберлік кластарды өткізу – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, республикада алдыңғы қатарды медициналық техникалар мен инновацияларды дамытуға және қолдануға мүмкіндік береді.