• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Ақпан, 2020

Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі

1021 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемле­кеттік академиялық фи­лармо­ниясының «Халық әні» бөлімі «Алтай, Тарбағатай әндері» атты концерт өткізді. Кеш­тің негізгі мақсаты – «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, қазақ дала­сының қасиетті де киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнерінің өзіндік өрнектерін насихаттау.

«Дәстүрлі ән қазақ мәде­ние­тінің сан ғасырлық құпия­сын өз қойнауында бүгіп жат­қан қойма тәрізді. Соның ішін­де Алтай, Тарбағатай әнде­рі ойдағы және қырдағы ба­уыр­лардың сағынышынан, табиғаттың әсем келбетіне де­­ген сүйіспеншіліктен туын­даған. Соның ішінде салт-дәс­түріміздің, әдет-ғұрпымыздың да көрінісі бар. Жалпы, қазақ мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі», дейді «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі Секен Сыздық.

Орындаушылық мәнері бір бөлек, шығармашылық бітімі басқа Алтай, Тарбағатай ән­дерімен қоса, «Сарыарқа» фоль­клорлық ансамблі де ав­­торлық шығармалар мен күйлерді тарту етті. Көп­ші­лік­­тің қошеметіне бөленген өнерпаздар арасында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қарагөз Гасимова же­тігенмен кон­церт­тің нақы­шын келтірсе, Мә­дениет сала­сының үздігі Шы­ғыс Ма­қан сыбызғыда өңірге тән әуенді ансамбльдің сүй­мелдеуімен ұсынды. Сон­дай-ақ Нұрай Танабаев, Күнсұлу Тұ­рлыбекова, Данияр Мұ­қан, Жазгүл Данылбаева, Жақ­сыгелді Маясаров, Айнұр Қо­нысбаева, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оң­­ғарбай қатарлы әншілер көп­шілікті ерекше әсерге бөледі.