Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еріген қар суларының басуын болдырмау үшін елді мекендерді қардан тазарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін айтты.
Ерлан Тұрғымбаев иесіз су қоймалары мен бөгеттерді мемлекеттік меншікке ауыстыру мәселелеріне назар аударды, олардың көбісі қанағаттанарлықсыз күйде.
«Су тасқыны кезеңінде бізде су қоймаларында бос орын болуы тиіс. Онсыз өзендердің қауіпсіз деңгейін реттеу мүмкін емес. Сондай-ақ 463 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажеттілігі туындап отыр, оған қоса автожол және темір жол учаскелерінің су басуын алдын алу бойынша инфрақұрылымдық объектілердің бұзылуын болдырмау жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті министр.