• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2020

Әлемнің 50 елімен жұмыс істейтін облыс

252 рет
көрсетілді

Атырау облысы — еліміз бойынша инвестиция көлемінің шамамен үштен бір бөлігін қамтамасыз ететін, ірі отандық әрі шетелдік инвесторлар үшін аса тартымды аймақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 348,4 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,8% құрады.

Бүгінгі таңда облыс әлемнің 50-ден астам елімен табысты ынтымақтастық орнатқан, 1000-нан астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, сәтті жұмыс істеуде.

Атырау облысының әкімдігі өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Облыста жыл сайын «Global Oil&Gas Atyrau» және «Atyrau Build» Солтүстік Каспий өңірлік көрмелері өткізіледі, облыс әкімдігі мен өңір кәсіпорындарының өкілдері таяу және алыс шет елдерде өткізілетін халықаралық инвестициялық іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

2019 жылы облысқа ресми сапарлармен алыс және жақын шет елдерден бірқатар делегация келді. Олардың ішінде Ұлыбритания, Италия, Жапония, Беларусь Республикасы, Канада, Германия, АҚШ және басқалары бар.

Отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету, ақпараттық-талдамалық және сервистік қолдау көрсету үшін өңірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Атырау ӘКК» АҚ, «Атырау Innovations» ЖШС жұмыс істейді.

Бұдан өзге, Атырау облысы әкімінің қаулысымен «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету орталығы ретінде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы анықталды. Өңірдің инвестициялық қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін Атырау облысының әкімдігі Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесті, сондай-ақ Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесті құрды. Кеңестердің отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.

«International Pipeline Structure Solutions Caspian» ЖШС — дистрибьютор және Ұлыбританияда орналасқан Swagemaster Engineering Services атынан лицензия бойынша өндіреді. 

Бұл кәсіпорын Ұлыбританиядан тыс жерде ашылған компанияның алғашқы нысаны, 2019 жылы IPSS Group Әзербайжан мен Бразилияда филиалдарын ашты.

IPSS компаниясы серіктестіктің арнайы бағдарламасына қатысты, оның мақсаты — жаңа британдық инвесторларды ұсыну және британдық және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ету. Аталған бағдарламаны Ұлыбританияның Халықаралық сауда департаменті, PSA ЖШС, «KAZENERGY» қауымдастығы, ҚПО, ТШО және НКОК оператор-компанияларымен ынтымақтастықта қолдайды.

Кәсіпорында бұрылмалы бітеуіш, жапқыш, тұтқасы бар бітеуіштер сияқты уақытша құбырға арналған фитингтер құрастырылады.