• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2020

Мәжілісте аудиторлық қызмет заң жобасының таныстырылымы өтті

213 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтті. Онда Парламент депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылды.

Құжат жобасын халықаралық тәжірибені ескере отырып, аудиторлық қызметті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды және бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Г. Қарағұсова, Н. Қылышбаев, О. Өксікбаев, О. Перепечина және Т. Яковлева әзірледі. Отырыста аудиторлық қызмет мәселелеріне қатысты депутат Омархан Өксікбаев баяндама жасап, аудит сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында аудиторлық қызмет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды.

Жалпы заң жобасында аудиторлық қызметті реттеу жөніндегі тәуелсіз орган құру, сапаға тәуелсіз сыртқы бақылау жүргізу, Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша қаржылық есептілік аудитін өткізуге ішкі аудит қызметінің қатысуы, тиімділік аудитіне біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету, тапсырыс берушінің, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың және т.б. шешімдерінің әрекеттігіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін нақтылау көзделді.

Таныстырылымға Мәжіліс депутаттары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қаржы министрлігінің және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, кәсіби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық компаниялардың, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Т. Яковлева белгіленді.