• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2020

Ителгі құсын заңсыз шығару арнасының жолы кесілді

426 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласында, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірқатар трансұлттық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Қызыл кітапқа енгізілген ителгі құсын заңсыз аулаумен, кейіннен оларды Қазақстан-Өбекстан және Қазақстан-Қырғызстан шекаралары арқылы Таяу Шығыс елдеріне контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан.

Мамандардың есебі бойынша, көрсетілген қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірілген зиян бірнеше миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 339-бабы 2 және 3-бөліктері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.