• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2020

Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

132 рет
көрсетілді

Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпараттың жалған екенін айтты. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін» деп жазды Джеки Чан Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.