• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2020

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

324 рет
көрсетілді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы қалалық филиалының қызметкерлері үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қалалық департаменті дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет - заңнама саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудегі нормативті құқықтық актілердің негізін сақтау, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне әдістемелік көмектер көрсету жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Алғашқы сөзді департамент басшысы Дастан Секенов алды. Сонымен қатар Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық арнайы талдау тобы басшысының орынбасары, «Жастарға жол» қоғамдық қорының төрағасы Рафаэль Гасанов сөз сөйледі.

Қатысушылардың қызу пікірталасы мен пікір алмасуы ортаға салынған тақырыптың өзектілігін көрсетті.

 

АЛМАТЫ