• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2020

Сақтыққа салғырт қарамаңыз

141 рет
көрсетілді

Коронавирустың әлемге тарала баста­ғаны туралы алғаш­қы хабар түскеннен бастап Қазақстанда алдын алу шарасы өте жоғары деңгейде жасалып жа­­тыр. Ең алдымен, ауру жұқтырып алмауы үшін Қытайда жүрген отандастарымыз ел­ге қай­­­­та­рылды. Сақтық шараларын жүргізу үшін Үкі­­­меттен қаржы бөлінді. Барлық облыст­арда ин­­­фек­­циялық және карантинге арналған орын да­­йын­­далды. Карантиндік орын ауру тара­ған ел­­дерден келген азаматтарды 14 күн оқ­шау­­лау­ға арналды. Бұл инкубациялық мерзім деп ата­лады. Яғни, инфекция жұққаннан ауру бас­т­ал­­ған­ға дейінгі аралықты қамтиды. Соңғы кезде ауру 24  күн өткеннен кейін байқалады деген де ақ­парат бар. Соған байланысты екі апта ка­ран­­тин­де болған адам жағдайына қарай үйінде не­ме­се басқа түрде жеңілдетілген карантинде болуы тиіс.

Бүгінгі таңда бұл инфекция елге кірген жоқ. Бұл Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің атқарған қызметінің нәтижесі деп санаймын. Әрине жұқпалы дерт келмейді деп бейқам отыруға да болмайды. Сақтық шаралары күшейтілген күйінде жүре береді. Бірақ соған көзқарас дұрыс болып, қорғаныс жағынан әрбіріміз үлес қосуымыз керек. Бұл үшін  ең алдымен санитарлық гигиенаны сақтау, шектеу қойылған елдерге бармау, ал сол елдерден келгендер карантиндік мерзімді дұрыс түсініп, одан өткені жөн. Бұл халық үшін, адамның денсаулығы үшін істеліп жатқан жұмыс.

Бұл аурудың тарауы өте тез. Қайтыс болған адамдар да көп. Бүкіл құрлықта тарады деуге болады. Демек, бұл өте қатерлі инфекция. Сондықтан қазақстандықтар осы инфекция шыққан елдерге бармағаны жөн. Демаламын деп барып ауру алып қайтуыңыз әбден мүмкін. Қазақстан бұған дейін құс тұмауы, шошқа тұмауы сияқты инфекцияға қарсы тұра алды. Біраз тәжірибе жиналды. Егер инфекция тарала қалған жағдайда біздің медицинаның күші жетеді деп ойлаймын.

Жақсылық Досқалиев,

медицина ғылымдарының докторы,  профессор