• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2020

Шымкент: 20 мыңнан астам тұрғын egov.kz арқылы тіркелді

423 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін egov.kz қызметін жиі таңдай бастады. Былтыр 1,5 млн адам адам ХҚО, ал 479 мың адам онлайн тіркелген. Яғни, әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.  

Биылғы қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн тіркелгендер саны біршама өсіп, 63 мың азамат онлайн жүзеге асырған.   Мысалы, Шымкент қаласында 2019н жылы 20 338 адам тұрақты мекенжайға онлайн тіркелсе, 1 155 адам egov.kz порталы арқылы уақытша тіркеуге тұрған.   Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.