• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2020

Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды

312 рет
көрсетілді

Круиз кемесінің қырғыз жолаушысы коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты.

«Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді», - деді Абдрахманов. 

Ол енді толық сауығып шыққанша Жапония ауруханасында болады. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды. 

Айта кетейік, 27 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кемеден шыққан төрт отандасымыздың сынамалары оң нәтиже бермегенін мәлімдеді.