• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Наурыз, 2020

Елімізде 250-дей бала бүйрек трансплантологиясына мұқтаж

207 рет
көрсетілді

Алдағы күндері «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс қабылданатыны аян. Осы күнге дейін Кодекстің жобасына 800-ге тарта ұсыныс келіп түскен. Жаңа заң жобасында жиырмаға жуық мәселе көзқарастар қайшылығына түрткі болып отыр. Оның ішінде трансплантология да бар.

Аталмыш заң жобасы бойынша  жұмыс тобының басшысы  Зәуреш Аманжолова  трансплантологияға қатысты жұмыс тобының позициясын хабарлады.

Кодекс жобасында қайтыс болған адамның ағзасынан органдар мен тканьдерді алу жөніндегі келісімді адам тірі  кезінде өзі шешетіндігі қарастырылған. Қайтыс болған донор  көзінің тірісінде өз ағзасынан органдар мен тканьдерді алуға келісім бермесе, онда медицина  ұйымдары трансплантацияға жол бермейді.

Егер қайтыс  болған жан көзінің тірісінде ағзасынан органдарды алуға келісім бермеген жағдайда оның әйелі (күйеуі), олар жоқ болса, жақын туыстарының  біреуі оның мүддесін қорғауға құқылы.

«Трансплантация қажет. Мұны медицина жетістігі көрсетіп отыр. Кез  келген ел сияқты біз трансплантологияда нақтылы нәтижелерге қол жеткіздік. Ол үшін мақтана аламыз. Бізде осы салада ота жасайтын талантты дәрігерлер бар. Бірақ, соңғы жылдары донорлық азайып, көрсеткіш төмендеді. Бүгінгі күні біздің елімізде  3200-ден астам адам трансплантологияға  мұқтаж, олардың 70 пайызына бүйрек керек. Бұлардың 250-ге жуығы балалар. Ең бастысы, біздің мүмкіндігіміз бар», – деді Зәуреш Аманжолова. Ол  Қазақстанда бүгінгі күні балалар трансплантологиясының жоқ екенін айтты.

Айта кетерлігі, Зәуреш Аманжолова  қазіргі кезде барлық мәселелердің талдау кезеңінде тұрғанын жеткізді. Осы мәселе бойынша мыңға  жуық хат келіп түскен.