Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы алғашқы ойынын «Барыс Аренада» Магнитогордың «Металлург» командасына қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңнің 14-минутында сан басымдығына ие болған жерлестерміз есепті ашты. Шайба авторы – Кертис Волк. Екінші кезеңде де жерлестеріміз тағы бір шайба соғуға мүмкіндік алды. Бұл жолы Атте Охтамаа мергендігімен көзге түсті.
Үшінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда «Металлург» командасының бас бапкері қақпашының орнына мұзайдынға алтыншы ойыншыны шығарған болатын. Қарымта шабуылды сәтті пайдаланған «Барыс» хоккейшісі Ииро Пакаринен бос қалған қақпаны дәл көздеді. Ал 60-минутта команда капитаны Даррен Диц кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:0.
Екі команда арасындағы екінші ойын бүгін де «Барыс Аренада» өтеді. Қарымта матч 5 және 7 наурызда Магнитогорде өтеді.