• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2020

«Астана» Алматыда ойнайды

134 рет
көрсетілді

Елорданың «Астана» футбол клубы «Ас­тана Арена» спорт кешеніндегі жөн­деу жұмыстарына байланысты Премьер-лигадағы бірнеше ойынын бас­қа стадионда өткізуге мәжбүр.

Әуелде клуб басшылығы ойындарды Қостанай немесе Қызылорда қаласында өткі­зуді жоспарлаған болатын. Бірақ соңғы таңдау Алматы қаласына түскен екен. Енді жаңа маусымның бастапқы кезде­сулерін Михал Билек шәкірттері Алматы қаласындағы «Жас Қыран» стадионында өткізеді. Стадионға 2018 жылдың қараша айында ФИФА сертификатын алған жасанды алаң төселген. Стадионның жалпы сыйымдылығы 1500 көрерменге шақталған.

Былтырғы ел чемпиондары Алматыдағы алғашқы ойынын 7 наурызда Петропавлдың «Қызылжар» командасына қарсы өткізеді.