• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайға дайын болу

292 рет
көрсетілді

Қалың көпшілік біле бермеуі мүмкін, «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні» деген де атаулы күн бар. Бұл күні тиісті қызметтер апатты жағдай бола қалған жағдайда балалардың, оқушылардың, студенттердің қоршаған орта мен адамдарға бірінші көмекті қалай көрсетудің тәсілдерін меңгергендігі және оны игерудің әдістері атап өтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері де бұл күнді атап өтуден тыс қалған жоқ.

4 наурызда ТЖД мамандар командасы Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының және «Nur Оtan» партиясы жанындағы «Jas Оtan» жастар қанатының қатысуымен Петропавл қаласының бірқатар білім беру мекемелеріне барды.

Бірінші болып құтқарушылар Облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа барды. Олар үшін құтқару бөлімшелерінің арнайы техникасының көрсетілуі ұйымдастырылды. Көрсетліген техника барлық қызығушылық танытатындардың иелігінде болды. Соның ішінде өрт сөндіру автокөлігінің кабинасында отыруға рұқсат етілді, апаттық-құтқару құралдарын қаралды, тактикалық-техникалық сипаттамалар көрсетілді.

Облыстық өсіп келе жатқан ұрпақтарына барлық өткізілетін іс-шаралардың барысында ақпаратты тиімді қабылдау үшін, Азаматтық қорғаныс саласындағы үгітті және білімді насихаттау бағытында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері Петропавл қаласының «Дарын» мектеп-лицейіне барды, онда да оқушыларға арнайы техниканың көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

ПЕТРОПАВЛ