• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2020

Қызылжарда өрттен екі адам көз жұмды

267 рет
көрсетілді

Петропавлдың «Жұмысшылар кенті» ауданында жеке меншік үйден өрт шығып, екі адам қаза болды.

Қалалық ТЖ басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Растихиннің айтуына қарағанда, өрттің шығу себебі – тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмаудан сияқты.

«Өрттің көп бөлігі пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзудан екені көрініп тұр» деді ол алдын ала жасалған сараптамаға сүйеніп.

Сонымен бірге үй иелерінің масаң күйде болуы мүмкін екендігі де аталып өтті.

Өрт сөндірушілер қызметінің бастығы тілсіз жаудың облыстағы жалпы ахуалы туралы да айтып өтті.

«Жыл басынан бері облыс аумағында 77 өрт болды. Ал былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде өрт саны 122 болған еді. Демек, өрт саны 36%-ға төмендеген. Алайда мұны місе тұтуға болмайды. Өйткені өрттің салдарынан  қаза болғандар саны 11 адам, соның ішінде екеуі - балалар. Материалдық шығын 7 млн теңгеден асты» дей келіп ол тұрғындарды әркез тілсіз жаудан сақ болуға шақырды.

 

ПЕТРОПАВЛ