Елордада Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Оның хабарлауынша, мәжілісте Бюро мүшелері партияның 18 наурызда өтетін Саяси кеңесінің күн тәртібін талқылады.