• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Наурыз, 2020

Қыздар жеңіліп, жігіттер жеңді

195 рет
көрсетілді

Иордания астанасы Амманда жалауы желбіреген бокстан Токио Олим­пиа­­да­сына жолдама беретін Азия және Ты­нық мұхит аймағы турнирін Қазақ­стан­ның қыздар құрамасы сәтсіз бас­тады.

Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға көтерілген 57 кило салмақтағы бұ­рымды боксшы Дәметкен Келімбет Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қытай­лық Йинь Дзиньхуадан жеңіліп қалды. Сондай-ақ 60 килода Қазақстан чемпионы атанған Римма Волосенко да қар­сыласына есе жіберді. Отандасымыз ал­ғаш­қы іріктеу кезеңінде үндістандық Сим­ранджиткаур Баатпен жұдырықтасқан-ды. Осы­лайша, жарысты бастаған екі боксшымыз Олимпиада жолдамасынан қағылды.

Ал кеше қыздардың есесін жігіттер қай­тарды. 63 килодағы қандасымыз Зәкір Са­фиул­­лин қытайлық Жанг Шаннан ұпай саны бо­­йынша басым түсіп, екінші айналымға жолдама алды. Отандасымыз жартылай финалға шығу үшін Иран өкілі Ашкан Резаеймен бақ сы­насады. Ал 81 килодағы әлем чемпионы Бек­зат Нұр­дәулетов Жаңа Зеландия спортшысы Жером Пом­пеллонені айқын басымдықпен жеңді.