Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында ақпан айының үздік спортшысына дауыс беру басталды. Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар.
Рыбакина ақпан айында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, айдың үздік теннисшісі атануға жақын тұр. Естеріңізде болса, Елена өткен айда Санкт-Петербург пен Дубайда өткен ірі жарыстардың финалына жеткен еді. Сондай-ақ Дубайдағы турнирдің екі айналымын артқа қалдырып, жарақатына байланысты жарысты аяқтады.
Осы жетістігі арқылы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 17-орынға көтерілді.