Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау оталығының мәліметі бойынша, салықтық түсімдер 37,1%-ға азайды.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға түскен түсім 363,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8%-ға немесе 220,7 млрд теңгеге төмен. Оның ішінде салықтық түсімдер 358,0 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,1%-ға төмендеді. Түсімдердің ағымдағы серпіні сақталған жағдайда, 2020 жылы қордың пайдасына жиынтық салық төлемдері 2 147,8 млрд теңгені құрауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ұлттық қорға түскен жиынтық салық көлемі 2 837,2 млрд теңгені құрады.
1- кесте. Ұлттық қорға түсетін түсімдер, млрд теңге:
Дереккөз: ҚРҚМ
Сонымен қатар салық төлемдерінің барлық түрлері азайғаны байқалады. Ағымдағы жылдың екі айында КТС бойынша түсімдер көлемі 121,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9 млрд теңгеге немесе 45,3%-ға төмен. Мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлу бойынша түсімдер 43,7%-ға немесе 92,4 млрд теңгеге, 119,0 млрд теңгеге дейін азайды. Ағымдағы жылы ПҚӨС 16,7%-ға төмен, ал ренталық салықтан түскен түсімдер 10,4%-ға кем. Бұл ретте есепті кезеңде мұнай экспортының айтарлықтай төмендеуі байқалған жоқ. Осылайша, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Новороссийск портында "Каспий құбыр консорциумы" (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай тиеу көлемі 10,48 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 0,2%-ға төмен (10,50 млн тонна). Айта кету керек, КҚК құбыр жүйесіне қазақстандық мұнай экспортының 75% - дан астамы келеді.
Айлар бойынша түсімдерді бөлу кезінде, ағымдағы жылдың қаңтарында Ұлттық қорға түсетін салық түсімдері 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 53,3%-ға азайып, 51,0 млрд теңгені құрады , ал ақпан айында түсімдер 33,3%-ға 307,0 млрд теңгеге дейін азайды .
2- Диаграмма. Ұлттық қорға айлар бойынша түсімдер, млрд теңге:
Дереккөз: Қазақстан Республикасының ҚМ
2020 жылдың екі айында 838,1 млрд теңге қор қаражаты пайдаланылды. Оның ішінде, 838,0 млрд теңге республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде аударылды, ал 140,5 млн теңге қор шығындарын жабуға бағытталды. Осылайша, Ұлттық қордың активтері 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 474,9 млрд теңгеге, 26 565,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заңымен Ұлттық қордан 2020 және 2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде бюджетке кепілдендірілген трансферт қарастырылған, кейін 2022 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін төмендейді.
АЛМАТЫ