Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының магистранттарына Малайзияның Малай университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары ғылыми орталықта ғылыми жетекшілермен танысты. Еркін әңгіме барысында магистранттарымыз Малайзияның жоғары оқу орындарында оқу ерекшеліктері туралы төмендегідей әсерлерімен бөлісті.
Куала-Лумпурдағы Малай университеті (UM) Малайзияның байырғы университеті. Ол қазіргі уақытта QS World University Rankings рейтингісінде 114 орында тұр. Мұнда әлемнің 85 елінен үш мыңнан астам шетелдік студент білім алып отыр. Мұнда жаңа оқу корпустары орналасқан. Демалу, спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Спорт орталығы олимпиадалық бассейнімен бірдей, сондай-ақ көшеде де, үй-жайларда да спорттық корттар бар.
Университет кітапханасының кітап қоры бір миллион төрт жүз мыңнан асады. Университетте алпыстан астам зерттеу орталығы, екі көркем галереясы және кітап дүкені бар. Университет 12 факультетке бөлінеді, оның ішінде стоматологиялық, заң және педагогикалық факультеттер бар. Оқу бағдарламаларының арасында базалық курстар, диплом алу бағдарламалары, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантура бар.
Университет жақсы білім беруге бағытталған. Мұнда студенттердің шығармашылық және ғылыми ізденістері үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Барлық пәндер, жоспарлар мен сабақ бағдарламалары заманауи нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру мақсатында жасалған. Университет бағдарламалары модульдік негізде жасалады. Бұл студенттер үшін өте ыңғайлы. Олар Ноттингемдегі бағдарламалармен бірдей және оқу аяқталғаннан кейін оқу жүргізілген жерге қарамастан, Nottingham University сертификаты беріледі.
Азияның осы бір аса үлкен емес мемлекеті Малайзияға жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен 50 мыңнан астам шетел студенттері келеді. Өйткені мұнда оқу сапасы жақсы, сонымен бірге бағасы да аса қымбат емес. Климаты да өте жайлы, қыс болмайды, халқы көпұлтты, шетелдіктерге деген қарым-қатынасы да жақсы. Малайзияда мемлекеттік те, жекеменшік те оқу орындары бар. Олардың көпшілігі әлемдегі беделді университеттердің филиалдары немесе Ұлыбитания, Америка және Австралияның жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтасады. Яғни, Малайзияда оқу студенттерге барынша төмен бағамен әлемнің ең үздік университеттерінің бағдарламаларынан өтуге мүмкіндік береді. Малайзиядағы жоғары оқу орындарының дипломдары әлемнің барлық елдерінде мойындалған. Сондықтан мұнда оқу бітірген түлектерге әлемнің барлық елдерінде жұмыс істеу мүмкіндігі бар
АЛМАТЫ