• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2020

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде аналарға арналған шара өтті

554 рет
көрсетілді

Маңғыстауда «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Бұл туралы аталған кешен қызметкерлері хабарлады.

Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы мен Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Шараны кешен қызметкері Еңсегенова Зине жүргізіп, аналардың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып өтіп, аналардың өздеріне сөз кезегін берді.

Ал оқушылар аналарға өздері қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оларға жауап беріліп, тартымды пікірталас болды. Мектептің 8-сынып оқушылары Нәжімеддин Бекзат, Мағзом Ақберен, Есенов Шахымардан және Түлейбай Әзиза аналарға арнап М.Мақатаев пен Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін оқыса, Абдуллаев Ермахан «Талкеме» әнін орындады.

Аналар шараны ұйымдастырған кешен қызметкерлері мен Есір мектебінің оқушыларына шын жүректен аналық алғыстарын арнады.