• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Наурыз, 2020

Димаш орындаған саундтрек QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты

356 рет
көрсетілді

Әнші Димаш Құдайберген орындаған сериал саундтрегі Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Менің қытайлық жаңа сериалға арнап орындаған саундтрегім Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орында тұр. Төмендегі фото – менің қытайлық командамен түскен фотосуретім (агенттер, продюсерлер, менеджерлер - Black Golden компаниясынан). Бұл командамен I am singer жобасынан бері үш жыл бойы жұмыс істеп келемін. Жаңа жобаларды күтіңіздер», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.