• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2020

7-20-25: Бағдарлама аясында 16,5 мың адамның ипотека рәсімдеуіне рұқсат берілді

178 рет
көрсетілді

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 27 940 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

5 наурыздағы соңғы ақпаратқа сенсек, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 317,2 млрд теңге сомасына 27 940 өтінім келіп түскен.

Нәтижесінде 189,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 16 506 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.