• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Наурыз, 2020

Бокс: Василий Левит алтын үшін айқасады

541 рет
көрсетілді

Бүгін Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және тынық мұхиты аймағы турнирінің жартылай финалы өтіп жатыр.

Қазақстандық боксшылардан күндізгі сессияны түйіндеген Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Василий Левит (91 кг) жартылай финалда иорданиялық боксшы Хуссейн Ишаишті жеңіп, финалдық жекпе-жекте жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

Тең дәрежеде өткен алғашқы раундта төрешілер шаршы алаң қожайындарының боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті деп есептеді. Ал екінші раундта төрешілер жеңісті бір ауыздан отандасымызға берген болатын. Соңғы шешуші раундта ширақ қимылдап, қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткен Василий Левит өз мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардан 63 килодағы Зәкір Сафиуллин финалға шыққан болса, 69 килодағы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда сүрінген еді.

 

Фото: Данияр Майлыбаев