• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2020

Қазақстан Германия, Испания және Франциядан келушілерге кіруге тыйым салады

263 рет
көрсетілді

Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин коронавирус індеті кең таралған ел азаматтарына Қазақстанға кіруге мүлдем тыйым салынғанын айтты.

«Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия сияқты елдерден келушілерге  Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Себебі бұл елдер бірінші санаттағы «А» тобына жатады. «В» тобының бірінші санатындағы елдерге - Германия, Испания, Франция. Бұл елдерге қатысты талап 12 наурызда 00:00-ден бастап күшіне енеді», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, шекара қызметі келушілердің үшінші елдер арқылы өтуін қадағалайтын болады. Сонымен қатар Швейцариядан, Ұлыбританиядан және Нидерландыдан келген адамдар тұрғылықты жері бойынша оқшаулануы керек.