Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Диас Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңарған рейтингінде орындарын сақтап қала алмады.
Юлия Путинцева өткен айдағы рейтингпен салыстырғанда бір саты төмен сырғып, 33-орынға жайғасты. Ал Зарина Диас екі орынға төмендеп, 63-орынға тұрақтады. Биылдан бастап еліміздің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина бұл рейтингте орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда ол рейтингте 17-орында тұр.
Әлемдік рейтингтің көшін аустралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында румын қызы Симона Халеп болса, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеді.