Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқыны жағдайына тұрақты бақылау жүргізуде екенін мәлімдеді. ТЖ аумақтық органының басшы құрамы мен мамандары жергілікті жерде елді мекендер мен коммуникацияларға қауіп-қатер деңгейін анықтау үшін, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда алдын алу сипатындағы шараларды қабылдау үшін облыс аудандарына шығуда.
СҚО ТЖ департаменті бастығының жаңадан тағайындалған орынбасары, майор Игорь Жуков су тасқынына ұшырау мүмкіндігі жоғары Айыртау, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев және Шал ақын аудандарының елді мекендерін аралады. Осы іс-шара Департаменттің бұрынғы орынбасары, қазір Түркістан облысының осындай қызметіне ауысқан подполковник Ерік Сарыбаевтан жұмысты қабылдау-тапсыру шеңберінде өтті. Ерік Темірханұлы бұрын өзі жетекшілік еткен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерін Игорь Жуковқа таныстырып, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралармен таныстырды. Танысу барысында И.Жуков өздерінің ең басты міндеті елді мекендерді су басуына жол бермей, халықты қорғауға қабілетті болу екенін атап өтті. «Ең бастысы - тұрғын үйлерді және аула құрылыстарын су басуға жол бермей ауыл тұрғындарының қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету», - деді ол Сергеев су торабын көзбен шолып қарау кезінде.
Сонымен бірге ТЖ офицерлері өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімдерін аралап, бөлімдерге барып, жеке құрамымен танысты және олардың әскери-қызметтік тәртібі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жай-күйін бағалады, техника мен қару-жарақтың, оның ішінде тасқынға қарсы іс-шараларды өткізуге жұмылдырылған дайындығын, өрт сөндіруші-құтқарушыларды оқыту процесін тексерді.