• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Абай 12 Наурыз, 2020

Хакім Абайды ұлықтау шаралары жаңа форматта өтеді - Ақтоты Райымқұлова

329 рет
көрсетілді

Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шараралар жаңа форматта өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шарараларды шектедік. Мұндай шараларды жаңа форматты өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Мысалы, шараларды үлкен стадиондарда емес, теледидар, әлеуметтік желі арқылы өткізу жағын қарастырудамыз. Хакім Абайдың тұлғасын түсініп, ұлықтау шаралары да жаңа форматта өткізіледі», деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.