• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Наурыз, 2020

14-16 наурызға арналған ауа райы болжамы

746 рет
көрсетілді

Синоптиктер 14-16 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атлантикалық циклон Қазақстан территориясына кезекті жылу алып келеді.

Онымен байланысты температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын, көбіне жаңбыр түрінде жауады, республиканың оңтүстігінде найзағай күркірейді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман, көктайғақ байқалатын болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 14 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.