«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ҚР аумағында, оның ішінде Алматы қаласында бұрын жоспарланған іс-шараларды көшіру немесе тоқтату туралы шешім қабылданды.
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы келесі шектеулерді енгізуде:
2020 жылдың 13 наурызынан бастап Алматы қаласының аумағында барлық бұқаралық мәдени іс-шараларды, конференция, семинарлар, көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салу енгізілсін; Халықаралық мәдени іс-шараларға бару мақсатында 1А, 1Б, 2 және 3 санаттағы елдерге шығуға шектеу енгізу.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы шаһардың барлық тиісті ұйымдары мен мәдениет мекемелеріне өз ұйымдарының аумағында қажетті құралдармен: санитайзерлер, антисептиктер және коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жадынамалармен қамтамасыз етуде санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде ұсыныстар білдірді.
Мәдениет басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 40-тан астам іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 14-і тоқтатылса, қалған 26 шара ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.
Алматы қаласы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша наурыз-сәуір айларында мәдени-ойын-сауық ұйымдары бойынша 211, ал театрларда 383 іс-шараларға шектеу қойылды. Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды.
Сондай-ақ, бүгінде қалада барлық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы, мұражайлар, кітапханалар жұмысын тоқтатты.
АЛМАТЫ