• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Наурыз, 2020

Алматыда стационарларда 704 адам карантинде жатыр

254 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтің қатысуымен онлайн-баспасөз конференциясы өтіп жатыр. БАҚ өкілдері тарапынан мегаполистегі билік өкілдеріне қойылып жатқан сұрақтар көпшілігі қалада төтенше жағдай жариялана ма? деген сауал төңірегінде болып тұр.

Сондай-ақ, журналистерді коронвирус жұқтырғандармен, карантиндегілермен жұмыс істер жатқан медициналық қызметкерлер сенімді қорғалған ба деген сауалдар алаңдатып отыр. Мәселен, кезекшіліктен шыққан дәрігерлер оқшаулана ма? Жаңа оқиғалардың жариялануы азық-түлік дүкендеріндегі дүрбелеңнің қайта пайда болуына әсер ете ме? Карантиндегілердің жағдайы жасалмаған деген лақап қаншалықты шындыққа жанасады?

Қысқасы, БАҚ тарапынан қойылып жатқан сұрақтар легі мұнан әлдеқайда көп және сан алуан.  Құзырлы мекемелер кешке дейін бұл сауалдарға толық жауап беруге уәде беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекциямен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам төсек-орынға арналған 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс істеп тұр. Карантинге оқшаулау үшін 7 нысанда 3 мыңнан астам орын ашу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні қала бойынша 1А санаты бойынша карантинде көп бейінді стационарларда 704 адам бар: №1 КМО-да - 259, №2 КМО-да – 168 және №3 КМО-да -277 адам карантинде тұр.

Жалпы, ақпан айының басынан бастап ЖРВИ мен тұмау диагнозымен емдеуге жатқызылған 80-нен астам пациент жіберілді.

Азаматтардың келуіне қолайлы болу үшін жеке гигиена құралдарына дейін қажетті барлық заттар дайын.

 

 

АЛМАТЫ