• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Өнер 15 Наурыз, 2020

Димаш әлемдік турын кейінге қалдырды

321 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттері болмайтынын хабарлады.

«Құрметті Dears! «Arnau Tour» әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын.

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады.

Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін. Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек.

Жақын арада біз сіздің денсаулығыңыз жақсы, көңіл-күйлеріңіз керемет болатынына сенімдіміз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын!» деп жазды әнші Instagram парақшасында.