• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2013

«Ізденгенге іс жеткілікті» – дейді 12 баланың анасы, кәсіпкер Зәуреш Жәнібекова

290 рет
көрсетілді

«Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

Бұқар жырау баба есімін ардақ тұтқан ауданда Үміткер атты ауыл бар. Баянауыл жақпен шектесіп жатқан жері құтты, табиғаты көрікті тұста орын тепкен, таза қазақы қалпындағы елді мекен. Үміткердің жұртқа сүйінішті бір ерекшелігі, әр үйі балақайлар мен жеткіншектер үніне толған, думанына бөленген ордалы орта. Бес-алтылы өскіннен бастап, он-онекілі өрен өрбіген үбірлі-шүбірлі шаңырақтар мұнда таңсық емес. Тұрмыс күйін танытатын да солар. Шат жүздері, жарқын күлкілері бұл ауылдың шұғылалы шырайы.

Өмірі балаларының ба­қытымен шуақтанған осындай отбасылардың бірінің отын жарқыратушы Төлен мен Зәуреш Жәнібековтер де өз маңдай терлері арқылы береке сәнін жарастырған жандар. Кейбір құрбыларындай ошақ қасы күйбеңінен аспай, бар салмақты жолдасына артпай, еңбек жүгін бірге көтеруші Зәурештей әйел бұрын осы ауылда сирек болса, қазір біразы уақыт талабына сай жаңа істердің бел ортасында. Зәуреш үлгісі осыған бастаған.

– Жалғызілікті қосағымның 10-15 жанды асырау үшін жанталасты жұмысын көріп отырып қалай шыдарсың, үйелмен-сүйелмен балаларым бір-біріне қамқор бола бастасымен оның қарсылығына қарамастан мен де ол құрған «Төлен» шаруа қожалығының бір тізгінін ұстастым. Мал күтімімен қоса күніне сан сиыр сауу, сүт тарту, май айыру, құрт, ірімшік жасау сияқты таңертеңнен кешке дейін бітпес жұмыстарға сырттан ешкімді араластырмадым. Кейіннен қыздарым көмекке қосылып, қолым жеңілдеді. Шүкір, отбасымыз бәріміз жұмылған еңбегіміз жанып, тұрмысымыз әлденді, – деп тілдескен бетте сыр ақтарды ол.

Жұмысына ғана болмаса өзгедей пысықтығы жоқ жұбайына қарағанда, ширақтау мінезді Зәуреш тек мал өсірумен шектеліп қалмай табыстың басқа да көздерін құрауға жетелеуші саналады екен. «Жеке белсенді әрекеттің ығын Зәуреш біліп, итермелеп отырады. Мен осы шаруамызды күйттей беруден асқым келмесе, оған ол қарсылық білдіреді. Былтыр біздің жақтағылар қолға алмаған істің де ретін келтірді. Әуелде тайсақтағандай едім, енді байқасам, ауылдастарым көңіліне де жағулы, өзімізге де пайдалы шаруа көрінеді», дейді отағасы.

Бұл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Зәурештің өзі бөлек кәсіпкерлікпен шұғылдануға талаптанып, шағын несие алу арқылы Үміткер-Қарағанды бағытында жолаушылар тасымалының ұйым­дастырылуы екенін білдік. Оншақты жыл доғарылып тұрған аталған маршрутты қалпына келтіру бүгінде жүріп-тұру көбейген жергілікті жұртқа ыңғайлы-ақ болыпты. Ауылдағылар таңертең қалаға барып, кешкісін қайта алады. Несиелік қаржыға сатып алынған үр жаңа көлік те жайлы, ұйымдастырушы арқасында жұмыс табылған жүргізуші жерлестері де сенімді. Үй шаруасын енді келіндеріне тапсырған ана жұмыс сапары кезінде үлкен ұлы Медет әкесі екеуі шаруа қожалығы жай-күйіне сақ.

12 баланың алды отау тігіп, әке-шеше жолын осылайша жалғастырушы болуы жоғары оқу орындарында оқитын 4 іні-қарындастарының алаңсыз мамандық меңгеруіне мүмкіндік беруде. 3-уі мемлекеттік грантпен білім алса, ақылы оқитын бауырлары қамқорлықтарында. 12-ші сүт кенже де бірер жылдан соң қалауына қарай не еңбекте, не білім тереңдетуде қатарларына қосылғалы тұр. Жәні

Соңғы жаңалықтар