Қазіргі күндері Қытайдың Нанжин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің ІІ Жазғы Азия ойындарында таэквондошы Ерасыл Қайырбек 53 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Ертең татамиге Фариза Алдоңғарова шығады. Ол 55 килоға дейінгі салмақта күш сынасады. Ескерте кететін нәрсе, Ерасыл мен Фариза Азия ойындарына лицензияны Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Дастан Кенжалин.