• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Наурыз, 2020

Алматыда анықталған науқастардың жағдайы бірқалыпты

123 рет
көрсетілді

Осы сәттерде Алматы қалалық өңірлік коммуникация алаңында БАҚ өкілдерімен байланыс онлайн түрінде жүріп жатыр.

БАҚ тарапынан қойылып жатқан сұрақтар легі төмендегідей.

Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырғандармен байланыста болған алматылықтар бар ма?

Коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқан дәрігерлер қорғалған ба? Олар ұдайы коронавирусқа тест тапсырып отыр ма?

Медицина қызметкерлері жұмыс уақыты аяқталған соң оқшаулана ма?

Коронавирус табылған науқастар туысқандарынан оқшауланған ба?

Дәл қазірге кезде науқастардың жағдайы қалай? Олар жасанды тыныс аппараттарын қажетсіне ме?

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының өкілдері қажетті барлық сақтық шараларының сақталғанын, медицина қызметкерлері керекті қауіпсіздік заттарымен толық қамтамасыз етілгенін, анықталған науқастардың жағдайы бірқалыпты екендігін хабарлады.

Сондай-ақ барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары жалғасып жатыр.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдар – халықты жұмыспен қамту орталығы мен Басқарманың аудандық бөлімдері штаттық режимде жұмысын жалғастырып отыр.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын орталықтар бойынша айтар болсақ, стационар жағдайындағы орталықтарда карантин жарияланды, жартылай стационар жағдайында – қызмет алушылар демалысқа таратып жіберілді.