• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әдебиет 17 Наурыз, 2020

«Алтын қалам» үздік шығарманың авторына 1 000 000 теңге сыйақы тағайындады

542 рет
көрсетілді

Жаңа маусымын бастаған «Алтын қалам» әдеби жүлдесі қалың көпшіліктің назарын кітап оқу ісіне аудару мақсатында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесі - «Үздік қазақ романына» бәйге жариялады.

Байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар наурыздың 15-нен бастап қыркүйектің 15-не дейін қабылданады. Оқырмандар қазан айының 1-не дейін дауыс бере алады.

Оқырмандар Жылдың үздік поэзиясы; Жылдың үздік прозасы; ДАРАБОЗ: Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді: Есенжол Домбаев атындағы жылдың үздік сатирасы; Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы; Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы; Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін; Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлық қазақ тіліндегі үздік романға беріледі.

Алғашқы кезеңде шығармалар akalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. Cайтта онлайн-дауыс беру 6 ай бойы жалғасады. Дауыс беру аяқталған соң, әр аталым бойынша 5 шығарма таңдап алынады.

Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар өтеді. Одан кейін жүлдені ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінен құралған қазылар әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Өткен жылдардағыдай, сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.

Есенқұл Маманұлы атындағы бас жүлде - 1 000 000 (1 млн) теңге қазақ тілінде жазылған үздік романның авторына бұйырады. Сонымен қатар балалар әдебиетіне арналған «Дарабоз» байқауының жеңімпазына 1 000 000 (1 млн) теңге беріледі. Қаржылай сыйлықтарды «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының жетекшісі Бауыржан Оспанов тағайындап отыр.

«Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін марапаттау шарасында жарияланады.

Әдеби туындыларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com, kenze2002@mail.ru электрондық поштасына жолданады. Конкурс жайлы толық мәліметті akalam.kz ресми сайтынан білуге болады. Сайысқа түскен барлық шығарма аталған сайтта жарияланады.

 

АЛМАТЫ