Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев қаладағы карантин кезеңіндегі жағдай туралы баяндады.
«Алматы қаласында 880 басқару органы қызмет көрсететін 8494-ке жуық көппәтерлі тұрғын үй, 5465 лифт жабдығы, 4074-тен астам аула бар. Бұл – елдегі ең ірі тұрғын үй қоры екенін атап өту қажет. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік сияқты кондоминиум объектісінің бөліктері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып табылады. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін тиісті түрде пайдалануға және күтіп-ұстауға, оның ішінде дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау және үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау сияқты қызметтерді кондоминиум объектісін басқару органы, яғни пәтер иелерінің кооперативтері жауапты.Осыған байланысты Тұрғын үй саясаты басқармасы аудан әкімдіктерімен бірге Президенттің «Мемлекеттің қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау үшін және қалада карантин режимін енгізуді ескере отырып, Алматы қаласында Пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен бірге коронавирустың таралу қаупіне байланысты кіреберістерді зарарсыздандыру құралдарымен дезинфекциялау арқылы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдалану орындарында тұрғындардың қауіпсіз болуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта басқару органдары коронавирус инфекциясын таратпау және болдырмау мақсатында кіру топтары, кіреберістер, баспалдақ алаңдары, лифтілер және т.б. сияқты ортақ мүлік элементтерін қоса алғанда, іргелес аумақты күнделікті өңдеуді жүргізеді.Сонымен бірге, пәтер, тұрғын емес үй-жайдың иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді. Бүгінгі таңда әрбір тұрғынға ай сайынғы жарналарды уақытылы енгізу арқылы өз үйлерін күтіп ұстау мәселелеріне белсенді қатысу өте маңызды. Дәл осы жарналар еңбекақы төлеу қорын және ортақ мүлікті дезинфекциялау үшін қажетті қаражатты сатып алуды қалыптастырады. Ортақ пайдалану орындарын уақтылы санитарлық өңдеу міндеті өткір қойылып отыр, сондықтан біз тұрғындарды осы мәселеде барынша жауапкершілік танытуды сұраймыз. Біздің жеке азаматтық санамызға бүгінгі таңда әр қала тұрғынының денсаулығы тәуелді.Егер Сіздің басқару органыңыз короновирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету бойынша тиісті шараларды қабылдамайтын жағдайда, Сіз әрқашан Тұрғын үй саясаты басқармасына Сізге ыңғайлы форматта жүгіне аласыз – Open-almaty.kz сайтына өтініш жолдауға, басқарманың ресми сайтында орналастырылған нөмірлері бойынша, оның ішінде ұялы телефондарға қоңырау шалуға болады, сондай-ақ, біз Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде бармыз. Бұдан басқа, аудан әкімдігіне де жүгінуге болады.Сондай-ақ біз кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға қатысты қандай да бір мәселелер бойынша тұрғындардың жиналыстарын өткізуден бас тартуды сұраймыз» деді Мейіржан Отыншиев.