• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Наурыз, 2020

Ернат Бәзіл: Коммуналдық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді

650 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында штаттық оқу жаттығулар өткізілді. Төрт ауданда жылумен, электр, су және газбен жабдықтау шаралары арқылы авариялық жағдайларды жоюға, авариялық бригадалар арнайы техникалық және жұмыс персоналдық тәулік бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Төтенше жағдай кезінде қаланы үздіксіз энергиямен жабдықтау бойынша кәсіпорын басшыларының қатарынан жауапты тұлғалар тағайындалды. Барлық коммуналдық кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық жеке қабылдау тоқтатылып, онлайн режимде өткізіледі» деді Ернат Бәзіл.