Дүниежүзінде короновирус пандемиясына шалдыққандар санының gisanddata.maps.arcgis.com онлайн картасы тәулік сайын мәліметті жаңартуда. Оған сенсек, бүгінде Оңтүстік Кореяда қанында COVID-2019 коронавирусы анықталған адамдар саны 8565 адамды құраса, соның 1540-ы дерттен айығып үлгеріпті. Өкінішке қарай, пандемия салдарынан аталған мемлекетте осы уақытқа дейін 91 адам көз жұмды.
Бір тәулікте Оңтүстік Кореядағы дертке шалдыққандар саны 152-ге жетсе, емделгендердің рекордтық көрсеткіші 407-і адамды құрап отыр. Бұл мемлекет эпидемиялық қауіпті ең жоғары сатыға көтерді. Мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары оқу прцессін бастауды осымен үшінші мәрте кейінге қалдырып отыр. Қолда бар мәліметке сүйенсек, оқушылар мен балдырғандар білім беру ұйымдарының табалдырығын осы жылдың 6 сәуірінде аттай алады. Тэгу қаласы мен Кёнсан-Пукто провинциясындағы тағы үш шаһар айрықша апат аймағы ретінде белгіленді.
Кешелі бері Тэгу қаласында жаңадан – 97, ел астанасы Сеулде – 12, Кёнгидо провинциясында – 18, Кёнсан-Пукто провинциясында – 12 науқас тіркелді. Жаңа науқастар осы елдің өзге аймақтарынан да табылды. Тағы 7 адам көз жұмып, жоғарыда атап өткеніміздей марқұмдардың жалпы саны 91-ге жетті.
Бұдан бөлек 15904 адамның сараптамасы зерттелуде. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Оңтүстік Кореяда барлығы 282000 адамның сараптамасы дәрігерлердің назарына алынды.
Сондай-ақ елдегі науқастардың жалпы саны да белгілі болып отыр. Мәселен Сеулдегі вирус жұқтырғандар саны 270-ке жетсе, Тэгу қаласындағы бұл көрскеіш – 6241 адамды құрауда. Тағы 1190 науқас Кёнсан-Пукто провинциясында, 295 науқас Кёнгидо провинциясында тіркелген. Пусан қаласында вирус жұқтыруға қатысты 107 оқиға орын алды. 5000-нан астам адамның дертке шалдығуы (59,6 %) Синчхончжи сектасымен байланысты болғаны анықталды. Елде ұжымдық тұрғыда науқастанғандардың пайыздық көрсеткіші 80,2-ні құрауда.
Ренхап агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореядан экспортталған бет маскаларының саны өткен жылдармен салыстырғанда 23 ерте артыпты. Алайда наурыз айының соңына қарай бұл көрсеткіш күрт төмендеуі ықтимал. Себебі елде тауардың нақ осы түрін экспорттауға тыйым салынуда.
Эпидемия ошағына айналған Тэгу қаласындағы науқастар санының күрт төмендеуіне қарамастан, Оңтүстік Кореяның билік өкілдері жаңа ошақтардың пайда болуынан қауіптеніп, әзірлік жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Жедел желі орталықтарына 500-ден астам маман жұмылдырылып, осы тектес жұмыстар Кёнгидо провинцисындағы бірнеше шіркеуде де қолға алынуда.