Алматылықтардың қайырымдылық есебіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорынан 100 миллион теңге түсті. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов хабарлады.
Спикер коронавирустың таралуы салдарынан күрделі жағдайларға душар болатын ардагерлер мен мүгедектерге алаңдаушылық білдірді.
«Мұндай адамдарға біздің таза көңіліміз бен қамқорлығымыз қажет. Әрине, материалдық көмек айтарлықтай демеу болады», – деді Рахман Алшанов. Оның мәліметі бойынша, Қор құрылған кезден бастап 711 млн теңгеден астам демеушілік қаржы игерілген, олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жұмсалған.
2011 жылы: 145 млн – Парк «Халық»; спорттық-ойын сауық кешенін іске қосуға;
2012-2013 жылдары: 150 млн – «Біздің тауларымызға көмектесеміз» қоғамдық акциясына;
2015 жылы: 114 млн – «Селден зардап шеккендерге көмектесеміз» акциясына;
2019 жылы: 76 млн – Арыс қаласын қалпына келтіруге көмек көрсетуге;
9 млн - «Бек Эйр» самолетінің әуе апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалды.
Рахман Алшанов бөлінген қаржылар мен олардың жұмсалуы міндетті түрде ашық болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандыру органдары көмекке өте мұқтаж адамдардың тізімдерін жасап, ұсынып отыр.
Бұдан өзге, осынау игілікті іске ниет білдіргендердің барлығы есепті толтыруға, сонымен қатар қарттар мен мүгедектерге нақтылы көмек көрсетіп жүрген волонтерлар қозғалысына қатыса алады.
«Жаңа Алатау» Қоғамдық қоры» (Жаңа Алатау)
РНН 600300567791
БИН 080740011034
ИИК №KZ826010131000165601
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ
БИК HSBKKZKX
КБЕ 18 КНП 119
Телефон: 8 (727) 396-74-20
Басшы Балабеков Айдар Бүйтағалиұлы
ИИН 710315301396
АЛМАТЫ