• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

299 рет
көрсетілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 16 наурызда арнайы жедел штаб құрды.  Оған 3 күн ішінде 6000-ға жуық өтініш түскен. Елдегі жағдайға байланысты компаниялар жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр. Кәсіпкерлер шикізаттың жетіспеушілігінен немесе күрт қымбаттауынан зарбап шегіп отыр. Соған орай ғимарат және жер жалдау ақысын төлеу мерзімін ұзартуды әрі салықтан уақытша босатуды сұрайды.

–Бұл қиындықтардың деңі шекара жабылуы мен арнайы қауіпсіздік шараларын енгізу салдарынан туындап отыр.  Жалпы  өтініш жіберген компаниялардың 85 пайызы шағын бизнес, 13 пайызы орта бизнес, 2 пайызы ірі бизнес өкілдері. Шағым жасаған кампаниялардың жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиесілі, – дейді Н. Бөкейханов.

Кәсіпкерлердің 60 пайызы  қаржылай қиындыққа тап болған. Сондықтан кәсіпорындар еңбек ресурстарын сақтауға өтемақы беруді өтініп отыр. «Айтылған ұсыныстар мемлекеттік органдарға жіберілді. Олармен арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Ең бірінші қолданылатын шара кәсіпкерлерді салықтан босату. Алдағы жаңалықтарды кәсіпкерлер atameken.kz порталынан біле алады» деді Ш. Темір.  Оның айтуынша кейбір банктар өз тұтынушыларына жеңілдіктер жасаған. Олардың несие бойынша міндеттемелерін 90 күнге кейін шегеріпті. Бүгінде бұл жұмыстар басқа да банктермен жүргізілуде.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы толықтай онлайн режімге көшті. Соған сай кәсіпкерлерге арнайы call-центр ұйымдастырған. Кез келген кәсіпкер1432 нөміріне хабарласып, көкейдегі сұрақтарына жауап ала алады.

 

Мұхтар КҮМІСБЕК