• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2020

Карантин кезінде блок-бекеттер күшейтіледі

198 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы карантинге байланысты бүгіннен бастап еліміздің әскери қызметшілері полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп блок-бекеттерді күшейтуге қатысады.

Карантин аймақтарына кіру мен шығудың шектелуін қамтамасыз ету шаралары Ішкі істер министрлігінің басшылығымен ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Қарулы Күштердің Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді.

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлінуі, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі мен қызмет кезіндегі кез-келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.