• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Атырауда төтенше жағдай тәртібін бұзған азамат жауапқа тартылды

908 рет
көрсетілді

Атырауға Литвадан ұшып келген азамат карантинге жатқызылған болатын. Ол 18 наурызда түнгі сағат 03: 00 шамасында екінші қабаттың терезесінен секіріп, Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерден қашып кеткен. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кейінірек ол өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.