Футболдан Ағылшын кәсіпқой футбол лигасы коронавирусқа байланысты АПЛ ойындарын өткізуді 30 сәуірге дейін шектегенін хабарлады.
Бұл шешім АПЛ, Чемпионшип, бірінші және екінші Лига командаларына қатысты.
«Футбол ассоциациясының (FA) ережесі бойынша, ойындар 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс болатын. Бірақ FA басшылығы 2019/2020 маусымды созуға келісім берді. Сондай-ақ командалардың 30 сәуірге дейін матч өткізуіне шектеу қойды», – делінген лига хабарламасында.
Бұған дейін АПЛ матчтары 4 сәуірге дейін тоқтатылған еді.