• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Алтайдың ақ кекілігі (видео)

1228 рет
көрсетілді

Ақ кекілік әдетте биік тауды мекендейді.

Алтай тауы тәкаппар ақ бас шыңдарымен, айбарлы құздарымен ғана емес, сай-сала, белес-беткейлеріндегі аң-құстарымен де қымбат. Суреттегі мына бір сұлу құсты жақында, нақтырақ айтсақ, 3 ақпанда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми бөлімінің аға қызметкері Владимир Воробьев фототұзаққа түсіріп алған екен. «Суреттегі әдемі құс ақ кекілік деп аталады. Сурет пен видео парк аумағындағы Сарымсақты жотасында түсірілген.  Ақ кекілік әдетте биік тауды мекендейді. Теңіз деңгейінен 2500 метрден биік жерлерде жүреді. Адам көзіне көп түсе бермейді» дейді парктің ғылыми бөлімінің жетекшісі Әлия Ұланбекқызы.

Бұл құс солтүстік Америка мен Гренландия аралдарын да мекендейді екен. 1955 жылдан бері АҚШ-тың Аляска штатының мемлекеттік символы ретінде танылыпты.  

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы