• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Алматы провизорлық госпиталінде 696, үйде 1108 адам карантинде отыр

223 рет
көрсетілді

Дәл қазіргі сәттерде Алматының инфекциялық ауруханаларында коронавирус дерті расталған 22 пациент жатыр. Бүгін Алматыда тағы 3 адамда коронавирус анықталғаны белгілі.

Үш науқастың алғашқысы шетелден вирус жұқтырып келгендермен байланыста болған әйел адам.

Ауру белгілері пайда болғаннан кейін бұл әйел 18 наурызда CОVID-19 вирусына анализ тапсырған. Өкінішке орай, кеше медициналық сараптама нәтижесі бұл адамда вирус бар екендігін растады.

Коронавирус жұқтырғаны анықталған екінші әйел адам Берлин-Алматы чартерлік рейсінің жолаушылар серігі болып табылады. Ол 12 наурыздан бері инфекциялық ауруханада карантинде жатқан болатын.

Ал,  1997 жылғы үшінші ер-азамат 19 наурыз күні түнде Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келіп, бірден провизорлық госпитальға оқшауланып, бүгін Қалалық инфекциялық ауруханаға ауыстырылды.

Осы сәтттерде 20 науқастың жағдайы бірқалыпты, 2 адамның халі орташа ауыр.

Бүгін қаланың провизорлық госпиталінде 696 азамат жатыр. 1108 адам – үй карантинінде отыр.

 

АЛМАТЫ