• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Наурыз, 2020

«Барыс» Еуропада ең көп жанкүйер жинайтын командалар қатарына енді

214 рет
көрсетілді

Елорданың «Барыс» хоккей клубы екінші жыл қатарынан Еуропада ең көп жанкүйер жинайтын ТОП-30 клубтың қатарынан көрінді. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ресми сайты хабарлады.

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елорда командасының 2019-2020 жылғы маусымдағы ойындарына орта есеппен 6816 көрермен келген (өткен жылы бұл көрсеткіш 6448 көрермен болған). Осы жетістігінің арқасында «Барыс» клубы Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын 30 команданың ішінде 24-орынға жайғасқан.

Рейтингте «Барыс» клубынан ҚХЛ-ді жеті командасы жоғары тұр. Олар: СКА, «Динамо Мн», «Спартак», «Йокерит», ЦСКА, «Ак Барс» және «Локомотив».

Рейтингтің көшін 19 жылдан бері швейцариялық «Берн» клубы ешкімге бермей келеді. Швейцария астанасының намысын қорғайтын команданың әр кездесуін тамашалауға орташа есеппен 16 237 жанкүйер келеді.