Бірқатар сауалдардың пайда болуына байланысты, бүгін A-Parking қызметі бұқаралық ақпарат құралдары үшін төмендегідей шешім қабылдағанын жариялады.
«Достар, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға және карантин жариялануына байланысты, қаладағы біздің құзырымыздағы барлық ақылы тұрақтар 21 наурыз бен 15 сәуір аралығында ақысыз жұмыс істейтін болады.
Көлік қоюдың барлық тәртіптерін сақтауды өтінеміз:
Белгіленген сызықтарда автокөліктерді дистанциялық қашықтық сақтай отырып қою;
Тек қана автокөлік қоятын жерлерде көлік қалдыру;
Жедел қызмет көліктері жүретін жолдарды жаппау;
Көлік қоюға тиым салынған жерлерде көлік қалдырмау;
Қаладағы автұрақтардың қызметін бақылау мен профилактикалық шараларды Алматы қалалық жол полициясы Басқармасы қадағалайды», дейді A-Parking өкілдері.
АЛМАТЫ